Фергюсон көшелерін полиция қызметкерлері тағы да қатаң бақылауға алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қара нәсілді жасөспірім Майкл Браунды полиция қызметкері өлтіргеннен кейін бірнеше апта толқулар болған АҚШ-тың Миссури штатындағы Фергюсон қаласында сенбі күні кешке белгісіз біреу полиция қызметкеріне шабуыл жасады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, тәртіп сақшысы тірі қалған. Құқық қорғау органдары оқ атқан адамды іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазір қала көшелерін полиция қатаң бақылауға алды.