Фермер кернейде ойнайды, сиырлар «ән салады» - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Youtube-та АҚШ-тың Канзас штатының фермері Дерек Клингенбергтің өзінің бір табын сиырына арнап Lorde 'Royals' әнінің әуенін кернейде ойнап отырған видеосы миллиондап көрілім жиюда.

Әуелі жайылымда бірде-бір сиыр көрінбейді. Фермер кернейлете бастаған сәттен бастап дөң асып сиырлар бір-бірден келе бастайды. Ақыр соңында бір табын сиыр иесінің алдында «сап түзейді». Келер сәтте керней үніне қосыла мөңіреген сиырлар музыкаға ән салып тұрғандай кейіп танытады.

Бейнеролик үш күн ішінде 2,7 млн. көрілім жинаған.