Айта кетейік, сенатор Рысқали Әбдікеров Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында шағын фермерлерге су үнемдеу технологияларын сатып алуға және құрылысқа берілетін субсидия көлемін 50 пайыздың орнына 80 пайызға дейін ұлғайтуды ұсынған болатын.
«Қазіргі уақытта агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің суару жүйелерін (жаңбырлатып, тамшылатып суару жүйелерін) сатып алуға және инфрақұрылым салуға инвестициялық салымдар кезінде шеккен шығыстарының бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау 50 пайыз мөлшерінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар шығындардың 80 пайызын өтеу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің артуына алып келеді. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, шығындарды 80 пайызға өтеуді орынсыз деп санаймыз»,- деді Әлихан Смайылов.