Фермерлерден астықты сатып алу бағасы қашан жарияланады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Азық-түлік корпорациясы сатып алатын астық бағасы қашан жарияланатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов министрден: «Азық-түлік корпорациясы сатып алатын астықтың бағасын қашан жариялайсыздар?», - деп сұраған еді.

«Биыл 1,1 млн тонна өнімді сатып аламыз деп келісімшартқа қол қойдық. Оның ішінде 900 мың тонна бидай, 110 мың тонна арпа бар. Негізі бағаны 15 қыркүйекте жариялаймыз деп жоспарлап отырмыз. Себебі, осы 15 қыркүйекке дейін бізде және басқа да елдерде түсім болжамы түпкілікті айқындалады және нарық конъюктурасы да түсінікті болады. Осы мерзімде фермер үшін объективті баға ұсыну мүмкіндігі туады», - деп жауап берді Ербол Қарашөкеев.