Фермерлерге жеңілдетілген бағамен жанар-жағармай бөлу жүйесі сақталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның ауыл шаруышылығы тауарларын өндірушілер үшін көктемгі егіс және егін орағы науқанында арзандатылған жанар-жағармай бөлу тетігі сақталады.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Парламент Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер жөніндегі комитет төрағасы Ромин Мадинов мәлім етті.

«Бүгінде бізде ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары болды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін жеңілдетілген бағамен жанар-жағармайда бөлу бұрынғыдай сақталатыны жөнінде келістік», - деді халық қалаулысы өз сөзінде.