Ферроқорытпа зауыты іске қосылғанда 700 адам тұрақты жұмыс істейді - Қызылорда
14:56, 21 Қараша 2014
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Келесі жылы көктемде ферроқорытпа зауытының құрылысы басталады. Ол 253 миллион АҚШ долларына түспек, стратегиялық инвестор - «Ningxia Baota Petrochemical Technology Industrial Development Co.,Ltd» (Baota) компаниясы. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Өңірде ванадий, мыс, сирек кездесетін металдардың мол қоры болғандықтан, мұнда металлургиялық кәсіпорындар ашу жұмыстары басталды. Тиісті бағдарлама ҚР Президенті жанындағы Тау-металлургиялық кеңесте мақұлданды.
Зауыт бір жылдың ішінде салынып бітеді деп жоспарланып отыр. Кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін 700-ге тарта адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.