- Елімізде жыл сайын 70 мыңнан астам түсік жасалады. Оның ішінде фертильді жастағы – 25-35 жас аралығындағы әйелдер арасында көп, - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Айта кетейік, осы жылдың маусымында «AMANAT» партиясы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі кеңес отырысында Мәжіліс депутаты Айна Мысырәлімова елімізде жасөспірімдер орта есеппен 15-19 жас аралығында ерте жыныстық қатынасты бастайтынын айтқан еді.
- Қатынасқа түскен жасөспірімдердің 16,7 пайызы кемінде бір рет жүкті болған. Оның ішінде 62 пайызы босанған, 22 пайызы жасанды түсік жасатқан. Жасөспірімдердің 16 пайызында жүктілік өздігінен түсік тастаумен аяқталған, - дейді кеңес жетекшісінің орынбасары.