Фестиваль кезінде туған нәрестеге осы шараға өмір бойы кіруге билет беріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияда жыл сайын өткізілетін Nature One техномузыка фестиваліне келуші 20 жастағы қыз концерт уақытында босанған.

Independent басылымының хабарлауынша, туғанға дейін ол жүкті екенін білмеген.

Шара ұйымдастырушылары жаңа ғана дүниеге келген нәресте 16 жасқа толғанда, фестивальға кіруге өмір бойғы билет беруге уәде етті.