Фейерверк атпайды: Нидерланд парламенті петардадан бас тарту туралы түбегейлі шешім қабылдады
АСТАНА. KAZINFORM — Нидерланд парламентінің жоғарғы палатасы 2026 жылдан бастап жеке тұлғаларға петардалар қолдануға толық тыйым салу туралы шешімді мақұлдады, деп жазды DW.
Der Spiegel басылымының жазуынша, бұл шешімнің басты себебі — жаңа жыл қарсаңында күшейген зорлық-зомбылық. Сол күндері полиция, өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға қатер төндіріп, күш көрсететін жағдайлар жиі кездеседі.
Фейерверктерге тыйым салу мәселесі Нидерландыда көп жылдан бері қызу талқыланып келген. Дәрігерлер, полиция, жергілікті билік, жануарларды және қоршаған ортаны қорғау ұйымдары бұл шектеуді қолдап келгенімен, парламентте оған қолдау жетіспей тұрған еді.
Көршілес Германияда фейерверк ату әлі де рұқсат етілген, бірақ бұл елде де қоғам тарапынан қысым күшейіп келеді. 2025 жылғы 5 қаңтарға дейін Германияда петардаларды ұлттық деңгейде тыйым салуды талап еткен петицияны 1 миллион 90 мыңнан астам адам қолдады. Петицияда төтенше қызмет өкілдері Жаңа жыл түнінде «өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп жұмыс істейді, өйткені петардалар оларға қарсы қару ретінде қолданылатыны айтылғаны» аталып отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Данияда жаңа жылдық отшашу мен петарданың салдарынан 82 адам жарақаттанғанын жазған болатынбыз.