«Электр жарығы мен суды тоқтату қала әкімдігі жоспарында жоқ. Егер су немесе жарық желісі істен шыққан жағдайда, апат бригадасы жөндеуге дайын. Осы орайда қала тұрғындарын ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз», - делінген әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бұған дейін хабарлағанымыздай қала әкімі Алтай Көлгінов төтенше жағдайға байланысты елорда жұртына үндеу жасады.
Одан бөлек, ҚазАқпарат тілшілері қаланы аралап, қазіргі жағдайды бақылаған болатын.