«Фейсбук» филиппиндіктерді тәуелсіздік күнімен әскери ту арқылы құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Фейсбук» әлеуметтік желісі филиппиндіктерді тәуелсіздік күнімен құттықтағанда елдің туын төмен қаратып қойған. Әдетте бұл әскери жағдайда ғана пайдаланылады, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

«Бұл кездейсоқ болды, осындай жағдай орын алғаны біз үшін өкінішті», - деді әлеуметтік желі өкілі филиппиндік «Star» газетіне берген сұхбатында.

Әлеуметтік желі Филиппин тәуелсіздігі күніне орайластырылған шараны 12 маусымда ұйымдастырды.

Осы оқиғаны филиппиндік желі пайдаланушылар мысқылмен қабылдады.