Фейсбуктің 2015 жылдың төртінші тоқсанындағы таза кірісі $1,56 млрд

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең ірі әлеуметтік желіні меншіктеген Facebook компаниясы өткен тоқсанда 1,56 млрд доллар табыс тапқан. Бұл ақпаратты компанияның өкілдері жария етті. Кіріс бір жыл бұрынғы мерзімдегі қаржыдан екі есеге артқан ($700 млн шамасында).

Өткен тоқсандағы компанияның жалпы қаржысы 5,84 млрд доллар болды, ол сома бір жылда 2 млрд долларға өскен. Facebook деректеріне қарасақ, әлеуметтік желіні қазір шамамен 1,04 млрд адам пайдаланады.

Сайтты 2004 жылы 4 ақпанда Цукерберг және оның Гарвард университетіндегі үш курстасы бірлесіп ашқан. Компанияның штаб-пәтері Менло-Парк қаласында (АҚШ, Калифорния штаты) орналасқан.