Фидель Кастро кезекті туған күнін АҚШ-тың атына жазылған сын материалмен атап өтті

АСТАНА.  Тамыздың  14-і. ҚазАқпарат - Фидель  Кастро  кеше, тамыздың 13-інде  Кубада атап өтілген  өзінің 83-ші  туған  күнінде,    экономиканың  капиталистік      үлгісін   қатты сынға алған  кезекті мақаласын   жариялады,

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Команданте    өз  мақаласында,    «бүгінгі     әлемдік дағдарыс империализмнің    түбіне  жетуі мүмкін» деген  пікір    айтады.  «Империя  (АҚШ) мен оның     өзара бәсекелесуші капиталистік  одақтастары,   дағдарысқа қарсы  шаралардың   құтқару  формуласына негізделгенін айтып,   сендіруге тырысуда»,  деп   жазады  Кастро.  Дегенмен «Еуропа,  Ресей, Жапония,  Корея, Қытай   және  Үндістан    мемлекеттік  қазына облигацияларын  сатпай-ақ немесе  жаңа  ассигнациялар басып шығармай-ақ,  қор жинақтауда,  аталған елдер   өз  валюталары мен  нарықтарын  қорғаудың   басқа  формулаларын  қолданып,   кейде   өз халықтары  үшін    үнемдеудің  қатаң   шараларын   енгізуде»,  деп атап  көрсетеді    ол өз мақаласында.

Кастроның    83-ші  туған күні  Кубада асқан салтанатпен аталып өткен жоқ. Қалаларда   жастардың  қатысуымен  осынау атаулы күнге арналған   мәдени-бұқаралық   шаралар  өткізілді.   Телеарналар     Куба  көсемінің         әр уақытта сөйлеген   сөздерінен  үзінділер алынған бейнебаяндар,    оның  революциялық     қызметіне  арналған  материалдар   көрсетті.