Журналистердің мәліметтеріне қарағанда, сәуірде өтетін съезде Коммунистік партияның жаңа басшылығы сайланады, оған Фидельдің інісі - Рауль Кастро сайланады деп күтілуде. Кадрлық алмасулар туралы ресми мәлімдемелер таяу күндерде-ақ белгілі болмақ.
Естеріңізге сала кетейік, Кастро денсаулығының нашарлығына байланысты 2006 жылы Кубаға басшылық жасаудан кетіп, мемлекет басшысының өкілеттігін 79 жастағы інісі Рауль Кастроға берген болатын. Содан бері ол жұртшылық алдына шыққан жоқ. Алайда Фидель Кастро қазірге дейін ел ішінде үлкен беделге ие, атап айтқанда, Куба Коммунистік партиясының бірінші хатшысы болып қалуда.