Фиджиде күшті жер сілкінісі болды

АСТАНА. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат - Фиджиде күші Рихтер бағамы бойынша 6,8 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.

АҚШ-тың Ұлттық геологиялық қызметінің хабарлауынша, зілзаланың кіндігі аралдағы мемлекеттің астанасы Сува қаласының солтүстігінен 110 шақырым қашықтықта, 574,5 шақырым тереңдікте орналасқан. Ықтимал құрбан болғандар мен қирағандар туралы хабар жоқ.