ФИФА 2012 жылғы ең үздік 10 голды атады

None
АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Футбол қауымдастықтарының халықаралық федерациясы (ФИФА) 2012 жылғы ең үздік 10 голды жария етті.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады. Жанкүйерлер нақты осы 10 голдың арасынан жылдың ең үздік голын таңдайтын болады.

Керемет салынған голдардың авторлары келесілер аталды: Гана құрамасы мен "Удинезенің"  хавбегі Эммануэль Агеманг-Баду, "Ньюкаслдың" жартылай қорғаушысы Хатем Бен Арфа,  мадридтік "Атлетико" мен Колумбия құрамасының форварды Радамель Фалькао, «Торонтоның» шабуылшысы Эрик Хасли, боливиялық "Насионал Потоси" клубының шабуылшысы Гастон Меала, Аргентина құрамасы мен «Барселонаның» форварды Лионель Месси, Бразилия құрамасы мен «Сантостың» шабуылшысы Неймар, "Фенербахче" ойыншылары Мусса Соу және Мирослав Стох. Сондай-ақ олардың қатарына Мексика құрамасының футболшы қызы Оливия Хименес қосылды.

Жылдың ең үздік голы үшін дауыс беру ФИФА-ның сайтында 14 қараша күні басталды. Ференц Пушкаш атындағы сыйлық иегерінің есімі 2013 жылдың 7 қаңтары күні Цюрихте өтетін марапаттау салтанатында аталады. Айта кетейік, бұған дейін бұл сыйлыққа Криштиану Роналду (2009), Хамит Алтынтоп (2010) және Неймар (2011) ие болды.