ФИФА 2014 жылғы әлем чемпионатындағы ең әдемі голды атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ФИФА 2014 жылғы әлем чемпионатының 1/8 ойынында Уругвай қақпасында Колумбия құрамасының жартылай қорғаушысы Хамес Родригес соққан голды (2:0) өткен турнирдегі ең әдемі гол деп бағалады.

Родригес ФИФА сайтында жүргізілген дауыс беру нәтижесі бойынша топтық кезеңнің бірінші турындағы ойында қақпаға доп салған голландиялық Робин ван Персиден (5:1) асып түсті.

Еске сала кетейік, алты доп соққан Родригес ӘЧ-2014 үздік шабуылшысы және «Алтын бутсы» жүлдесінің иегері.