ФИФА 2016 жылдың ең үздік голын анықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Малайзия Суперлигасы матчында 29 жастағы аса танымал емес футболшы Мохда айып алаңынан Насриль Нурдиннің қақпасына адам айтса нанғысыз гол салды.

Цюрихте өткен 2016 жылғы ФИФА үздіктерін анықтау рәсімінде Субри Ференц Пушкаш атындағы сыйлықты еншіледі. Халықаралық футбол федерациясының ресми сайтында дауыс берген жанкүйерлер малайзиялық салған голды бірінші орынға қойған. Айта кетсек, Пушкаш сыйлығы 2009 жылдан бастап беріліп келеді.