Бұл туралы ИТАР-ТАСС жазады.
«ФИФА кез келген бейбіт және демократиялық дискуссияны қолдайды және күш көрсетудің кез келген түрін қолдамайды. ФИФА өткізетін әр турнирдің мақсаты - өзара түсінушілік пен халықтар арасындағы достықты насихаттау. Тарих көрсеткендей, спорттық шараларға байкот жариялау - мәселені шешудің тиімді жолы емес, керісінше ӘЧ-2018 елдер арасында диалог орнатуға және әлеуметтік өзгерістер жасауға қуатты серпіліс беруі мүмкін», делінген хабарламада. - Біз бұған дейін әлем чемпионаттары адамдардың басын қалай қоса алғандығын көрдік, 2018 жылы дәл сондай көрініске куә боламыз деп сенеміз».
ӘЧ-2018 8 маусымнан 8 шілде аралығында 11 қалада 12 стадионда өтеді деп жоспарлануда.