ФИФА әлем чемпионатына қатысушылардың санын көбейтуді көздеп отыр

Фото: AZƏRTAC

АСТАНА. KAZINFORM — ФИФА әлем чемпионатына қатысушылар санын 48-ден 64 құрамаға дейін арттыруды қарастырып отыр, деп хабарлайды AZƏRTAC.

Тиісті жобаны Оңтүстік Америка футбол конфедерациясының президенті Алехандро Домингес ұсынды. Бұл жобаны ФИФА қолдауының ықтималдығы жоғары бағаланып отыр.

Егер жоба қолдау тапса, құрама саны 2030 жылғы әлем чемпионатында-ақ артады. Бұл жағдайда командалар әрқайсысы 4 құрамадан тұратын 16 топқа бөлінеді. Әр топтан екі үздік команда плей-офф кезеңіне шығып, кейін медальдар үшін күресті олимпиадалық жүйе бойынша жалғастырады. 

Айта кетелік Қазақстан футбол федерациясынан жымқырылған 2 млрд теңге қайтарылды