FIFA әлем чемпионатында төрешілердің өкілеттігін кеңейтпек

АСТАНА. KAZINFORM — FIFA 48 команда қатысатын турнирдің басталуына екі аптадан аз уақыт қалғанда төрешілерге арналған негізгі нұсқаулықтарды жариялады. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.

Фото: Aljazeera

Негізгі мақсат — матчтардың қарқынын төмендетпеу.

 төрешілерге ойын уақытын созатын кез келген әрекетті қатаң тоқтату туралы нақты нұсқау берді. Жаңа өзгерістердің бірі — бұрыштама соққысы мен допты алаңға лақтыру кезінде 5 секундтық кері санау енгізу. Егер осы уақыт ішінде доп ойынға қосылмаса, бұрыш соғу немесе лақтыру құқығы қарсылас командаға өтеді. Бұл қақпашыларға қатысты қолданыстағы 8 секундтық ереженің жалғасы.

Сондай-ақ ойыншы төрешінің шешіміне келіспей алаңнан өз еркімен кетсе, қызыл қағаз алуы мүмкін. Ал ауыстырылатын футболшы алаңды 10 секунд ішінде тастап кетуге міндетті. Бұл ереже жарақат пен ерекше жағдайларға қатысы жоқ.

Қосымша қатаң ереже — ауызды жабу арқылы сөйлесу. Егер төреші мұны жанжал тудыратын әрекет деп бағаласа, ойыншы қолымен, жеңімен немесе футболкасымен аузын жауып сөйлесе, бірден қызыл қағаз көрсетіледі.

— Қарсыласу — мүлде бөлек жағдай, деп атап өтті FIFA төрешілер комитетінің басшысы Пьерлуиджи Коллина.

VAR жүйесінің өкілеті де кеңейтілді: енді ол қате берілген екінші сары қағаздарды, қате ойыншыны анықтау жағдайларын және қате бұрыштама тағайындауларын тексере алады. Сонымен қатар VAR стандарттық жағдайлар алдында — голға, пенальтиге немесе тәртіптік жазаға әкелсе, болған қателіктерді де қарай алады.

Соған қарамастан, матч ұзақтығы қысқармайды: әр тайм ортасында үш минуттық су ішу үзілісі қарастырылған.

Айта кетейік, Иран футболдан әлем чемпионатына қатысу үшін FIFA-ға 10 талап қойды.