ФИФА ресми твиттерінде хабарлағандай, турнир қатысушылары 16 топқа бөлінеді, олардың әрқайсысы үш командадан тұрады.
Әлем чемпионаты аясында матчтар саны 64-тен 80-ге дейін көбейеді, турнирдің ұзақтығы 32 күнді құрайды.
ФИФА есебі бойынша бұл әр турнир өткізуден түсімді 20 пайызға ұлғайтып, чемпионаттың кірісін арттыруға ықпал етеді.
ФИФА басшысы Джанни Инфантино чемпионатта команда санын кеңейту жоспары туралы өткен жылы күзде айтқан болатын.
«Бұл командаға ауыртпалық әкелмейді. Клубтар үшін де кедергісі жоқ. Өйткені күнтізбеде белгіленбейді, футболдың дамуына жәрдемдеседі. Сондықтан тағы бірнеше құрама әлем біріншілігінің финалдық бөліміне қатысатын болады», - деп атап өтті Инфантино.
Қолданыстағы қағидаға сәйкес әлем чемпионатына құрлықтық іріктеу турнирлерінде сәтті өнер көрсеткен 32 ұлттық құрама қатысады.
Турнирдің финалдық сатысында барлық қатысушылар әрқайсысы төрт-төрт командадан сегіз топқа бөлінеді.