Аталған елдің астанасына Ұлттық стадионның жағдайымен танысуға келген Вальке турнирді жоспарлау кезінде қателіктер орын алғанын жеткізді, деп жазады ВВС.
Оның сөзіне қарағанда, ФИФА тарапы футболдан Әлем чемпионаты кезінде де жаппай наразылық акциялары өтетінін болжап отыр. «Алайда, ұйымның басты мақсаты - Бразилияға келетін жанкүйерлердің турнирді рахаттанып тамашалауына жағдай жасау», - дейді Вальке.
Естеріңізге сала кетейік, футболдан Әлем чемпионаты 12 маусым мен 13 шілде аралығында Бразилияның 12 қаласында өтеді. Дүбірлі доданы Рио-де-Жанейро, Ресифи, Салвадор, Сан-Паулу, Порту-Алегри, Манаус, Форталезе, Натал, Белу-Оризонти, Бразилиа, Куяба және Куритибе қалалары қабылдайды.