ФИФА бюджетінің тапшылығы 100 миллион доллардан асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) бюджетінің тапшылығы 2015 жылы 108 миллион долларды құрады. Бұл туралы Reuters аудит бойынша ұйым комитетінің мүшесіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Өкілдің айтуынша, мұндай қаржы тапшылығына жемқорлық дауына байланысты ФИФА-ға деген сенімнің азаюы себеп болған.
Жұма, 26 ақпанда, Цюрихте федерацияның жаңа президентін сайлады.
Бұл лауазымға Азиялық футбол конфедерациясының (AFC) президенті шейх Салман бин Ибрагим әл-Халифа, УЕФА бас хатшысы Джанни Инфантино, Иордания ханзадасы Әли бин Әл-Хусейн, ФИФА бас хатшысының бұрынғы орынбасары француз Жером Шампань және оңтүстікафрикалық Токио Сексвале ниет білдірген.