ФИФА-да жемқорлық жоқ, мен тазамын - Зепп Блаттер

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболда жемқорлық жоқ, ФИФА да, мен де тазамын. Егер қиянат жасалған болса, оған жекелей адамдар ғана кінәлі, деді әлемдік футбол федерациясының басшысы Зепп Блаттер, Би-би-сиге берген сұхбатында.

Блаттер ФИФА-ға 1998 жылдан бері жетекшілік етіп келеді. Отставкаға 2016 жылдың ақпанында кетеді. 79 жастағы швейцариялық мамыр айында 5-ші рет сайланған болатын, алайда ұйымда жемқорлыққа қатысты даудан кейін отставкаға кететінін мәлімдеді. «Мен ФИФА-ны қорғағым келгендіктен осындай қадамға бардым, әйтпесе, мен өзім үшін жауап бере аламын, менің оған күш-қуатым жетеді. Мен осы уақыт аралығында не тындырғанымды және не жасай алмай кетіп бара жатқанымды жақсы білемін. Менде ұят бар, мен арлы адаммын. Мен тазамын», - деді Блаттер сұхбатында.