Дауыс беру 30 қарашаға дейін жалғасады. Осыдан кейін сол сайттарда Ференц Пушкаш наградасы иегерін анықтайтын сауалнама басталады.
Жеңімпаздың аты 11 қаңтарда Цюрихтегі ФИФА шарасында жарияланады. Үздік гол үшін дауыс беру шоу кезінде аяқталмақ. Ференц Пушкаш наградасы осымен жетінші рет ұсынылады. Ол 50-ші жылдардағы Венгрия құрамасының капитанының құрметіне осылай аталған.
Осыған дейін бұл сыйлыққа Криштиану Роналду, Хамит Алтынтоп, Неймар, Мирослав Стох, Златан Ибрагимович пен Хамес Родригес қол жеткізді.
Сол шарада ФИФА Алтын добының иегері мен әйелдер арасындағы 2015 жылғы әлемнің үздік футболшысының есімі белгілі болады. Сондай-ақ шоу кезінде ерлер және әйелдер құрамаларының үздік бапкерлері жария етілмек, деп жазды РБК .
1. Алессандро Флоренци («Рома») 2. Карли Ллойд (АҚШ)
3. Карлос Тевес («Ювентус»)
4. Дэвид Болл («Флитвуд»)
5. Чори Кастро («Реал Сосьедад»)
6. Венделла («Атлетико Гояньенсе»)
7. Лионель Месси («Барселона»)
8. Филипп Мексес («Милан»)
9. Марсель Ндженга («Падерборн»)
10. Эстебан Рамирес («Эредиано»).
Үздік голдарды мына сілтеме бойынша қарап шығуға болады.