ФИФА Халықаралық матчтарға қазылық ететін төрешілер тізімін бекітті
11:03, 03 Қаңтар 2012
АЛМАТЫ. 3 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Жаңа жыл қарсаңында ФИФА 2012 жылғы халықаралық турнирлерге қазылық ететін төрешілердің тізімін бекітті.
ҚР Футбол федерациясының хабарлауынша, оған Қазақстаннан 22 рефери, еніп отыр. Оның 11-і бас төреші, 11-і ассисент. Бас қазылар арасында үлкен футболдан - Артем Кучин, Александр Гаузер, Анатолий Вишниченко, Павел Салий, шағын футболдан - Олжас Абраев, Алмас Аббасов, жағажай футболынан - Владимир Шаяхметов, Олег Бурмистров, Архат Жұмашев, әйелдер футболынан - Юлия Медведева мен Ирина Гаврилова бар. Ал қазылардың көмекшілерінен - Евгений Бельский, Андрей Попов, Рустам Суюнов, Анатолий Ходин, Ғалымжан Кенжалинов, Серік Жаппасбаев, Сергей Васютин және Елена Авдеенко, Лилия Каримова, Татьяна Попова, Кристина Янушкевич еніп отыр.