ФИФА: Куритиба футболдан Әлем чемпионатының ойын алаңдары тізімінен шығарылуы мүмкін

АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - ФИФА басшылығының пайымынша, Бразилияның оңтүстігіндегі Куритиба қаласында орналасқан «Арена да Байшада» стадионын қайта құру қарқыны артпаса, онда бұл нысан футболдан Әлем чемпионатының ойын алаңдары тізімінен шығарылуы мүмкін.

Осы орайда ұйымның Бас хатшысы Жером Вальке нысанды тапсыру мерзімінің кешеуілдеуіне байланысты алаңдаушылығын білдірді.

Атап айтқанда, ФИФА тарапы Куритиба чемпионатты қабылдайтын қалалардың тізімінде қалуы туралы шешімін жасау үшін бір айдан кейін стадионның инспекциясын өткізетін болады.

2014 жылғы Әлем чемпионатының басталуына бес ай қалса да, 12 стадионның алтауы әзірге дайын емес.