43 жастағы Уотсон - ФИФА құрамындағы аудит бойынша комитет мүшесі және Кариб футбол одағының вице-президенті. Жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында Уотсон өзіне тағылған айыптардың негізсіз екенін айтқан. «Менің адвокатым тергеу амалдары аяқталғанша қандайда бір пікір айтудан бас тарта тұруға кеңес берді», - деді Уотсон. Ол қамалғаннан кейін кепілге босатылған болатын. Уотсон ФИФА-ның вице-президенті Джеффи Уэббтің жақын досы.
04:19, 07 Қыркүйек 2014
ФИФА мүшесі қамауға алынды - БАҚ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен Халықаралық Футбол федерациясы қауымдастығының мүшесі, кәсіпкер Кэновер Уотсон Кайман аралдарында ұсталды, деп жазады ВВС.