АСТАНА. KAZINFORM - FIFA-ның Дүниежүзілік футбол мұражайының тарихи экспонаттары Моңғолияға әкелініп, футболдың адал жанкүйерлеріне бір күн бойы тегін көрсетіледі. Арнайы шараны 31 қаңтарда “Шангри-Ла” қонақүйінде Ulaanbaatar футбол клубымен бірлесіп «Нийслэл LITE» компаниясы ұйымдастырады, деп хабарлайды МОНЦАМЭ ақпарат агенттігі.
Көрмедегі ең көрнекті экспонаттар қатарында футболдан әлем чемпионатының алғашқы алтын Кубогы, атақты бразилиялық футболшы Криштиану Роналдудың «Алтын добы», әйгілі аргентиналық футболшы Марадона жеңіп алған әлем чемпионатының алтын медалі, Пеле қол қойған жейде және т.б. бар.
Ұйымдастырушылардың атап өтуінше, көрмеге барлық футбол жанкүйерлері мен спортшылар келе алады.
Зарина Туғанбаева
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Еңбек жолын Ақмола облысы Целиноград аудандық «Ұран», «Призыв» газеттерінде тілші болып бастаған. Kazinform ақпарат агенттігінде 2011 жылдан бері қызмет атқарып келеді.