ФИФА нұсқасы бойынша жылдың cимволикалық құрамасы жарияланды

АЛМАТЫ. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - Кеше Швейцарияның Цюрих қаласында Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) мен

Кәсіпқой футболшылар қауымдастығының халықаралық федерациясы (FIFPro) жылдың символикалық құрамасын жариялады.

«Арман командасы» тек Испания чемпионатының өкілдерінен құралды. Атап айтқанда бұл құрамаға Қақпашылардан - Икер Касильяс («Реал»), қорғаушылардан - Дани Алвес («Барселона»), Жерар Пике («Барселона»), Серхио Рамос («Реал»), Марсело («Реал»), жартылай қорғаушылардан - Хаби Алонсо («Реал»), Хави («Барселона»), Иньеста («Барселона»), шабуылшылардан - Лионель Месси («Барселона»), Радамель Фалькао («Атлетико»), Криштиану Роналду («Реал») еніп отыр.