Шілдеде Авеланж өкпе қабынуы сырқатынан Рио-де-Жанейродағы ауруханаға жатқызылған болатын.
Жоао Авеланж 1916 жылы дүниеге келді. 1974-1998 жылдары FIFA жетінші президенті қызметін атқарды. Бүкіл өмірінде Авеланж Олимпиада ойындарына екі рет қатысты. Алғашқысында ол 1936 жылы Берлиндегі жарыстарға жүзгіш ретінде, ал екінші рет 1952 жылы су добынан Бразилия ұлттық құрамасының ойыншысы ретінде қатысты.
2012 жылы швейцариялық сот Авеланжды әлем чемпионаттары матчтарын көрсету құқығын сатқаны үшін пара алуға айыпты деп таныды. Авеланж және сондай-ақ, сот айыптаған оның күйеу баласы Рикардо Тейшер алған параның жалпы сомасы 41 млн. швейцариялық франкты құраған.