Mundo Deportivo хабарлағандай, Аргентина құрамасының ойыншысы іс-шараға қатысуды жоспарлаған, бірақ соңғы сәтте жеке мәселелеріне байланысты шешімін өзгерткен. Ал Португалия құрамасының шабуылшысы 26 қыркүйекте өтетін ойынға байланысты «Ювентустағы» кестесінің тығыз болуы салдарынан салтанатты рәсімге келмейді.
Еске сала кетсек, жылдың үздік ойыншысы марапатына - «Алтын допқа» бұл жолы Роналду, «Ливерпуль» және Египет құрамасының футболшысы Мохаммед Салах, сондай-ақ «Реалдың» жартылай қорғаушысы және Хорватия құрамасының капитаны Лука Модрич үміткер болып отыр.