ФИФА офсайдты анықтау ережесіне өзгеріс енгізбек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықаралық футбол федерациясы офсайдқа байланысты ережеге өзгеріс енгізуі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

The Times басылымының жазуынша, егер шабуыл жасаған ойыншы қорғаныстағы қарсыласынан күллі денесі қақпаға жақындау болған жағдайда ғана офсайд жазылатын болады.

Ал қазіргі уақытта офсайд гол салуға мүмкіндігі болған шабуылшы денесінің бір бөлігі қорғаныстағы ойыншыдан сәл асып кеткен жағдайда белгіленеді.

Еске сала кетсек, офсайд ережесіне 1990 жылы өзгеріс енгізілген болатын. Онда шабуылға шыққан ойыншыларға қорғаушы жақтың соңғы ойыншысымен бір сызықта болуына рұқсат етілген еді.