ФИФА президенті таяу күндері өз міндеттерін атқарудан шеттетілуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - ФИФА президенті Йозеф Блаттер таяудағы күндері өз міндеттерінен шеттетілуі мүмкін, деп хабарлады Gazeta.ru AFP агенттігіне сілтеме жасап.

Дереккөздің ақпараты бойынша, швейцарлық өз еркімен кетпесе қызметінен шеттетіледі. Еске салайық, 25 қыркүйекте Блаттерге қатысты қылмыстық іс қозғалды - ұйым басшысы ол екі миллион шейцар франкін УЕФА президенті Мишель Платиниге заңсыз аударды деп, күдіктелуде.

Бұдан бұрын Халықаралық футбол федерациясының қоғаммен байланыс саласындағы бұрынғы кеңесшісі Клаус Штехлкер Блаттер өз қызметінен жоспарланған мерзімнен бұрын кетпейтіні туралы пікірін білдірген болатын.