Нақты күні шілдеде анықталады, сайлаудың Цирюхта өтетіні белгілі болды, деп мәлімдеді Би-би-си.
2 маусымда ФИФА президенті Зепп Блаттер ұйымда орын алған сыбайлас жемқорлық жанжалға қатысты отставкаға кетуге шешім қабылдағанын айтқан болатын. Оған әзірге ешқандай хабарлама берілген жоқ, алайда тергеу жалғасуда. Блаттер жаңа сайлауда өз кандидатурасын ұсынбайды, бірақ сайлауға дейін федерация президенті міндетін атқара береді.
Бұдан бұрын белгілі болғандай, ФИФА-дағы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар делінген күдікті Алехандро Бурсако итальяндық сотқа ерікті түрде берілді.