ФИФА рейтингі: Қазақстан құрамасы 10 орынға жоғарылады

АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың кезекті рейтингін жариялады.

Оған сәйкес, Қазақстан құрамасы бұдан бір ай бұрынғы көрсеткішінен 10 сатыға жоғарылап, 130-шы орында тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Рейтинг бойынша үздік ондыққа мына командалар еніп отыр: 1. Испания, 2. Германия, 3. Голландия, 4. Италия, 5. Бразилия, 6. Аргентина, 7. Хорватия, 8. Ресей, 9. Англия, 10. Португалия.2010 жылы Оңтүстік Африка Республикасында өтетін Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасымен «Ғ» тобында сынға түсіп жатқан Хорватия (7-ші орын) мен Англия (9-шы орын) мықты ондықтың ішінде. Ал қалған қарсыластарымыз, атап айтқанда Украина - 14-ші, Беларус - 88-ші, Андорра 195-ші орындарға тұрақтаған. ФИФА-ның келесі рейтингі сәуірдің 8-де жарияланады. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Әлем біріншілігінің іріктеу кезеңі аясындағы кезекті матчын сәуірдің 1-де Алматыдағы орталық стадионда Беларус футболшыларымен өткізеді.