ҚФФ баспасөз қызметі хабарлағанындай, мұндай шешім «Достастық Кубогы» аясында қазақстандық федерация делегациясы мен ФИФА президенті Зепп Блаттердің кездесуі барысында қабылданып отыр.
Сонымен қатар ұлттық қауымдастықтар арасында елдер арасындағы ықпалдастықты дамыту бойынша келісімдерге қол қойылды. Аталмыш келісімге ҚФФ пен Ресей футбол федерациясынан бөлек, Беларусь, Украина, Латвия мен Молдавия қосылды. Келісімнің мәтіні УЕФА-мен келісілген.
«Футболдың түрлі салаларында Германия, Италия, Испания, Грузия елдерімен бірлескен жобалар жасалды. Бүгінгі меморандум аясында осы іске қосымша 5 жаңа серіктес келіп қосылды», - дейді ҚФФ атқарушы директоры Олжас Абраев.