ФИФА Сайлау комитеті президенттік сайлауға қатысатын 5 үміткерді бекітті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол федерациясының сайлау комитеті 26 ақпан күні кезектен тыс конгресте өтетін ұйым президенті сайлауына қатысуға өткізілген бес кандидатты бекітті.

Бұл туралы ФИФА бас хатшысының міндеттерін атқарушы Маркус Каттнердің мәлімдемесінде айтылады, деп хабарлайды ТАСС.

ФИФА президентінің сайлауына Азиялық футбол конфедерациясының (АФК) басшысы шейх Салман бин Ибрагим әл-Халифа, еуропалық футбол қауымдастықтары Одағының (УЕФА) бас хатшысы Джанни Инфантино, Иордания ханзадасы Әли бин әл-Хусейн, ОАР-ның тұрғын құрылысы бойынша бұрынғы министрі және Нельсон Манделаның жақтасы Токио Сексвале және ФИФА бас хатшысының бұрынғы орынбасары, француз Жером Шампань қатысады.