«Қазіргі жағдай дұрыс емес. Мұндай жағдай бұдан былай қайталанбауы тиіс. Бәрі де өте нашар», деді ФИФА қызметкерлері.
«Біз туристерге қандай да бір деңгейде болмасын, қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмаймыз. Біз бірнеше стадионды тестіден өткіздік, Сан-Паулу метрополитені қызметкерлерінінің ереуілімен не істейтінімззді білмейміз. Бразилия Әлем чемпионатына әзір емес», деп атап өтті федерацияда.
Әлем біріншілігінің ашылу салтанаты мен алғашқы матч 12 маусымда Сан-Паулудағы «Итакеран» аренасында өтуі тиіс, Әртүрлі оқиғаларға байланысты: мұнаралы кранның құлауы, жұмысшылардың мерт болуы және құрылыс материалдарының жеткіліксіздігі сияқты себептерден құрылысты пайдалануға беру мерзімі бірнеше рет сақталмай отыр.