FIFA ұлттық құрамалардың жаңа рейтингін жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - FIFA футболдан ұлттық құрамалар арасындағы жаңа рейтингті жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алайда, өткен айдағы рейтингтен аса өзгеріс болмаған. Себебі, коронавирус инфекциясына байланысты әлемнің барлық құрамалары ешқандай ойын өткізген жоқ. Халықаралық деңгейдегі кездесудің барлығы кейінге шегерілді. Кейбірі мүлдем өткізілмейтін болып шешілді.

Қазір Қазақстан құрамасы 118-орында тұр. Тізімнің көш басында Бельгия, Франция, Бразилия құрамалары келеді.

Қазақстандық құрама 2020 жылдың 3 қыркүйегі мен 17 қарашасы аралығында UEFA Ұлттар лигасының С дивизионында төртінші топта Албания, Беларусь және Литва құрамаларымен кездесу өткізеді. FIFA рейтингісінде Албания - 66, Беларусь - 87, Литва – 131-орында.

Естеріңізге сала кетелік, футболдан бірінші лиганың ойын күнтізбесі белгілі болғанын хабарлаған едік.