ФИФА «Востоктың» жартылай қорғаушысын өмір бойына футболдан шеттетті

None
АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - Өскемендік «Востоктың» жартылай қорғаушысы Рамон Альфредо Санчез Передес алдын ала келісілген матчтарға қатысқаны үшін өмір бойына жасыл алаңнан шеттетілді.

Бұл туралы sports.kz хабарлады.

ФИФА Сальвадор құрамасының 14 футболшысына қатысты үкімді бекітті, олардың арасында шығысқазақстандықтардың вице-капитаны да бар.

Олар 2011 жылы КОНКАКАФ алтын кубогы шеңберінде Мексикаға 0:5 есебімен және 2010 жылы АҚШ құрамасына 1:2 есебімен жеңілген. Сальвадор футбол федерациясының ұйғарымынша, екі жолы да футболшылар қасақана ұтылған.