«Алдымен мына жерді жинастыруымыз қажет. Өйткені, мұндай жағдайда мен футбол туралы айта алмаймын», - деген Блаттер залдан шығып кетті.
10 минуттан соң Блаттер оралып, баспасөз-конференциясы басталды.
Бұған дейін хабарланғандай, ФИФА-ның атқарушы комитеті 2016 жылдың 26 ақпанында мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы шешім қабылдады.
Мамыр айында бесінші мерзімге қайта сайланған Блаттер жемқорлыққа қатысты даудан кейін 2 маусымда отставкаға кететінін жариялаған. Ол бұл федерацияны 1998 жылдан бері басқарып келеді.