Дәстүр бойынша, ФИФА әр елде және дивизиондарда салынған он голды іріктеп алды. Бір қызығы, номинацияда әлемнің үздік футболшылары ғана емес жұртшылыққа белгісіз ойыншылардың да есімдері де бар.
Атап айтқанда, топ-10 тізіміне Венесуэланың жасөспірім қыздар құрамасының мүшесі Дейна Кастельянос те енген.
Өзге үміткерлердің арасында: Алехандро Камарго ("Универсидад де Чили", Чили), Мусса Дембеле ("Селтик", Шотландия), Кевин-Принс Боатенг ("Лас-Пальмас", Испания), Авилес Уртадо ("Тихуана", Мексика), тіпті қақпашы Оскарине Масулуке ("Барока", ОАР) де бар.