Испандық Marca газетінің хабарлауынша, жылдың үздік футболшысы ретінде мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштинау Роналду танылды.
ФИФА тұжырымы бойынша Роналду және оның серіктестерінің бапкері Зинедин Зидан жылдың үздік жаттықтырушысы атанды, ал туриндік «Ювентустың» ойыншысы Джанлуиджи Буффон ең үздік қақпашы болмақ.
Жеңімпаздарды салтанатты түрде ресми хабарлау шарасы 23 қазан күні Лондонда өтеді.