Бұл туралы ұйымның сайтында хабарланды.
Жеңімпаздың аты-жөні Швейцарияда Цюрих қаласында 9 қаңтарда болатын салтанатты рәсім барысында жарияланбақ.
Месси «Барселона» құрамында Испания чемпионатында және кубогында жеңімпаз атанды. Аргентиналық болса, ұлттық құрама сапында Америка Кубогының финалына дейін жетті. Бұл жерде айта кетер жайт, финалдық матчта чилиліктер басым түскен болатын.
Ал «Реал» шабуылшысы Роналду Чемпиондар лигасында мерейі үстем болды. Сондай-ақ, Португалия құрамасында ойнап, шешуші матчта турнир қожайыны Франция командасын жеңіп, Еуропа чемпионы атанды.
Гризманн еуропалық біріншілікте қақпаға ең көп гол соққан шабуылшы атанған болатын.