Оқиға төрешінің УЕФА аясындағы матчқа іссапары кезінде қонақүйде болған. Күдіктінің аты-жөні жарияланған жоқ, тек оның шамамен 30 жастағы ер адам екені белгілі.
ФИФА бұл адамның енді ұйым өткізетін ешбір жарысқа тартылмайтынын мәлімдеді. Өз кезегінде УЕФА да осындай шешім қабылдап, тергеу аяқталғанға дейін төрешіні матчтарға тағайындауды тоқтатты.
Лондон полициясы күдіктіні ұстап, кейін кепілмен босатқан. Әлем чемпионатын ұйымдастырушылар істің қалай өрбитінін бақылауда ұстап отыр.
Осыған дейін қазақстандық төрешінің 2026 жылғы Азия ойындарына ресми шақырту алғаны туралы жаздық.