«Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізілді

АСТАНА. 20 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов 2012 жылғы 6 наурызда «Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» №294-інші қаулыға қол қойды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 294

2012 жылғы 6 наурыз

«Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 10, 116-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Фильтрлі сигареттерге (қорап):
1) ұзындығы таңдалған шамадан ±1,0 миллиметрге шекті ауытқумен 45-тен 85 миллиметрге дейін тоқсан теңге мөлшерінде;
2) ұзындығы таңдалған шамадан ±1,0 миллиметрге шекті ауытқумен 87,1-ден 160 миллиметрге дейін бір жүз теңге мөлшерінде ең төмен бөлшек баға белгіленсін.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                                       Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ