Бұл туралы The New York Times жазады, деп хабарлайды Лента.ру .
61 жастағы Линн 1992-2004 жылдар аралығында Филадельфия епархиясының басшылығы құрамында болған. Бұл қызметінде ол дін қызметкерлерінің жасөспірімдерге қарсы жыныстық қылмыстарын қадағалап, жазалайтын міндет атқарған. Соған қарамастан ол 1990 жылдары өзінің досы әрі әріптесі Эдвард Эйвериді (Edward Avery) жаңа лауазымды қызметке ұсынған. Ол сол кездің өзінде Эйверидің 2-3 жыл бұрын жас баланы зорлап тастағанын білген. Ең қызығы, Эйверидің жаңа қызметі кішкентай ұлдар оқитын діни мектептің қасында болып шықты. 1999 жылы ол осы «мүмкіндігін» пайдаланып, шіркеуде оқитын тағы бір 10 жасар баланы зорлайды.
Қазір Эйвери діни шенінен айырылып, түрмеде жазасын өтеп жатыр (оған 2,5-тен 5 жыл берілген).
Филадельфияда 2011 жылдың наурыз айында жасөспірімдерге жыныстық әлімжеттік жасады деген айыппен 21 католиктік дін қызметкері діни қызметтен аластатылған.