Филадельфияда атыс болып, 6 полицей жараланды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Американың Филадельфия қаласында атыс болып, 6 полицей оққа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

Сәрсенбі күніФиладельфияның солтүстік бөлігінде атыс болып, 6 полиция қызметкері жарақаталды. Олар кейін үйлеріне жіберілді. Олардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Полиция 4:30шамасында есірткі саудагерлерін тұтқынға алу операциясы кезінде үйге кірген. Белгісізадам оқ ата бастаған сәтте полицейлер ас үйде болған. Көпшілігі қашуға әрекететпек болып, терезеден секірген және есіктен қашқан. Комиссардың айтуынша, ерадам терезеден оқ атуын тоқтатпаған.

Филадельфияполициясы сержанты Эрик Грипп Twitter-де күдіктінің ұсталғанын жазды.Арнайы жасақ бөлімшесі үйдің ішінде жүр.

Полицияныңхабарлауынша, олар Филадельфиядағы үйлердің бірінің ішіне тығылған қарулы ерадаммен келіссөз жүргізген. Оның қорғаушысы мен комиссар Ричард Посс күдіктіментелефон арқылы хабарласып, полиция еш зиян тигізбейтінін жеткізбек болған.

«Біз оныңжараланғанын немесе жараланбағанын білмейміз. Сөйлескен кезде жарақаталмағандай болып көрінді. Алайда күмәнім бар», - деді Ричард Посс.

Соңғы жаңалықтар